Грекияда ауыл шаруашылығы қаржысына қатысты істе 13 депутат жауапқа тартылмақ

АСТАНА. KAZINFORM — Еуропалық ауыл шаруашылығына берілетін субсидияларды жымқыруға қатысты іс бойынша Грекия парламенті өздерінің 13 әріптесінің депутаттық иммунитетін алып тастауға дауыс берді, деп хабарлайды Еuronews.

Грекияда ауыл шаруашылығы қаржысына қатысты істе 13 депутат жауапқа тартылмақ
Фото: euronews

Бұл жөнінде прокуратура парламентке арнайы өтініш жолдаған.

Кейбір күдікке ілінген депутаттар иммунитеттен өз еркімен бас тартуды қолдап, ешқандай заңсыз әрекет жасамағандарын мәлімдеген. Сонымен қатар олар прокуратураны өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыптаған.

Іс Еуропалық Одақтың грек ауыл шаруашылығын дамытуға бөлген субсидияларын заңсыз иемдену күдігіне қатысты. Бұл қаржы бұрын жұмыс істеген, қазір таратылған мемлекеттік қор арқылы бөлінген.

Бұл жанжал премьер-министр Кириакос Мицотакис үкіметінің беделіне айтарлықтай соққы болды. Бірқатар министр отставкаға кеткен. 

Айта кетелік Грекияда ең төменгі жалақы 920 еуроға дейін өсетіні туралы жазған едік