Грекияда Балқан елінің экономикасына елеулі залал келтірген бензин таситын машина жүргізушілерінің бір аптаға созылған ереуілі аяқталды

АСТАНА. Тамыздың 2-сі. ҚазАқпарат. - Грекияда үлкен жүкті автомобиль жүргізушілерінің кәсіподағы жексенбі, тамыздың 1-інде бір аптаға созылған ереуілдің тоқтатылуын жақтап дауыс берді, деп хабарлайды Rambler ақпараттар порталы BBC News агенттігіне сілтеме жасап.

Грекияда Балқан елінің экономикасына елеулі залал келтірген бензин таситын машина жүргізушілерінің бір аптаға созылған ереуілі аяқталды

Ереуіл үкіметтің жүк тасымалы секторын ырықтандыру жөніндегі шешіміне қарсылықтан басталған болатын. Бұл шара Грекияның Халықаралық валюта қоры мен Еуроодақтан несиелер алу үшін жасалап отырған қадам. Жүк тасымалы лицензиясы үшін алдын ала бірнеше мыңдаған еуро төлеп қойған жүргізушілер үкіметтің бұл шешіміне бірден қарсы шықты.

Грекиядағы ереуілге байланысты елге азық-түлік тағамдары мен дәрі-дәрмек, жанар-жағар май жеткізілуде айталықтай үзілістер мен кедергілер болып, қарсылық акциясы елдің экономикасына елеулі қауіп төндіре бастады. Грекия Үкіметі шілденің 30-ы күні жүргізушілердің шұғыл түрде жұмысты жандандыруын талап етіп жарлық шығарды. Үкімет құжатында егер ереуілді тоқтатпаған жағдайда олардың лицензиясы кері алынып, тұтқындауға дейінгі шаралар қолданылатыны айтылған. Бірақ жүргізушілер оны елеген де жоқ.