Грекияда қатаң үнемдеу саясатына қарсы ереуіл өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық азық-түлік көрмесі өтіп жатқан Грекияның Сало́ни́ки қаласының тұрғындары ереуілге шықты.
Олар үкіметтен халыққа қарсы саясатты доғаруын және қатаң үнемдеу мен жаппай қысқартуларды тоқтатуды талап етті. Оған қоса, үкіметтен елге қарыз ақша беретін қаржыгерлермен жасалған келісімнен бас тартуға шықырды. Наразылық акциясын ПАМЕ коммунистер кәсіподағы ұйымдастырған, деп хабарлайды 24.kz.