Грекияда өрт сөндіруге қатысқан ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА.  Тамыздың 28-і.  ҚазАқпарат - Грекияда    аралдардың бірінде    өрт сөндіруге   қатысқан      шағын    ұшақ  апатқа  ұшырады. Апат  салдарынан    ұшқыш   қаза  тапты,  

Грекияда  өрт сөндіруге   қатысқан   ұшақ  апатқа ұшырады

 деп   хабарлайды Associated Press агенттігі.

Оқиға   Кефалония аралындағы өрт ошағын  сөндіру   кезінде    болған.   Апаттың себебі әзірге белгісіз, тексеру    басталды.

 Естеріңізге сала кетейік,  тамыздың 29-ында Грекия өкіметі   елдегі   өрт ошақтарының  көпшілігі   бақылауға алынғанын немесе сөндірілгенін  мәлім етті. Осының алдында  Грекияның   құрлығы  мен аралдарында      жойқын орман  өрттері  болған  еді.  Афинының  солтүстік  аудандарының    ондаған  мың  тұрғыны    150-ден астам       үй-жайды жалмаған  өрттен қашып,    үйлерін тастап кеткен   болатын.        50 шақырымға созылған  өрт    Марафон  қаласына    жақындап,    екі  байырғы     ғибадатханаға    қауіп  төнген   еді. Ал  Шығыс Аттика префектурасында төтенше жағдай  жарияланды.   Жергілікті  өкімет  екі балалар ауруханасы  мен балалар лагерін  жедел көшіруге  мәжбүр болды.

 Өрт  Грекияда  жиі  болып тұрады.  Оның  таралуына    аптап  ыстық  пен желді  ауа  райы себеп.    Ең  жойқын   өрт   2007 жылы болып,     ол жолы  70 адам  қаза тапқан болатын.