Грекияда парламент сайлауында консерваторлар партиясы жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кириакос Мицотакистің «Жаңа демократия» оңшыл либералды партиясы 40,5% дауыс жинап, басты қарсыласы - «Сириза» солшылдар партиясынан 23 пунктке озып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
None
Фото: twitter.com/TRTWorldNow

Жаңадан құрылған оңшыл «спартандықтар» партиясының жолы болып, парламентке өту үшін үш пайыздық кедергіні еңсере алды.

Осылайша, «Жаңа демократия» парламентте екінші төрт жылдық мерзімге үкімет құру үшін жеткілікті орын алады.

Оның пайдасына жаңа сайлау туралы заң жұмыс істеді. Бұл заңға сәйкес, жеңімпаз партия дауыс беру нәтижелеріне байланысты қосымша орын алады.

Ең көп дауыс жинаған кез-келген партия бірден 20 қосымша орын алады, ал егер ол 40% нәтиже көрсетсе, бонустық орындар саны 50-ге дейін өседі.

Мамыр айының соңында пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша өткен алдыңғы сайлауда Мицотакиске оның партиясы жалпы 41% жинағанына қарамастан, бес орын жетпеді.

55 жастағы Кириакос Мицотакис - Гарвард университетінің түлегі. Бұрынғы қаржыгер грек сайлаушылары арасында танымал тұлға.

Ол пандемиядан кейін экономиканың жылдам қалпына келуін қамтамасыз етіп, 2021 жылы өсімді 8,3% және өткен жылы - 5,9%-ға арттырды.

Бұған дейін Грекияда қайтадан парламент сайлауы өтіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар