10:28, 31 Наурыз 2010 | GMT +5
Грекияда шабуыл қаупіне байланысты Ресей Елшілігін күзету күшейтілді
АСТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат - Ресейлік дипломатиялық миссияның атына жасалған қоқан-лоққыдан кейін Грекия полициясы Афиныдағы Ресей елшілігінің күзетін күшейтті.
Афинылық газеттердің біріне белгісіз біреу хабарласып, Ресей және АҚШ елшіліктеріне шабуыл жасайтынын мәлім еткені белгілі болды, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Қазіргі таңда ол қоқан-лоққы расталған жоқ. Дегенмен, грек құқық қорғау органдары елшілікті күзету бойынша қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдады. Атап айтқанда, күзет күшейтілді, миссия төңірегіндегі аудандарда патруль ұйымдастырылды. Грекия полициясы телефон лаңкесін іздестіруде.