Грекияда теңіз түбінен 23 тоннадан астам қоқыс шығарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Теңіз түбін тазарту 8 маусымда атап өтілетін Дүниежүзілік мұхиттар күнімен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-қа сілтеме жасап.
None
None

Сүңгуірлер Ион теңізіндегі Итака аралының төңірегіндегі теңіз түбінен 23 тоннадан астам қоқыс шығарды. Оның ішінде жиырмаға жуық үлкен елес ау болған.

Дүниежүзінің теңіз түбін тазартумен айналысатын Healthy Seas ұйымының мәліметінше, жыл сайын шамамен 640 000 тонна балық аулау құралдары жоғалып, теңіздер мен мұхиттарға лақтырылады. Бұл теңіз өміріне орны толмас зиян келтіріп, суда кейіннен қоректік тізбекке айналатын микропластиктерді қалдырады.

Соңғы жаңалықтар