Грекияда із-түзсіз жоғалған үш турист өлі күйінде табылды

Грекия
Фото: pixabay

АСТАНА. KAZINFORM – Өткен сейсенбіде Грекияның Матракион аралындағы қонақүйде жоғалып кеткен 55 жастағы ер адам жексенбі күні өлі күйінде табылды. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, бұл – елдегі кейінгі аптада қайтыс болған үшінші турист, деп хабарлайды Euronews. 

Нидерландтан келген 74 жастағы ер адам сенбі күні Самос аралында серуенге жалғыз шыққаны белгілі болды. Оның денесі сайдан табылған. Ал, британиялық дәрігер Майкл Мослидің денесі бір апта бұрын Сими аралынан табылды. Ол тау баурайынан құлап кеткен. Бұл туралы Сими мэрі Лефтерис Папакалодукас хабарлады. 

Қазіргі уақытта тағы бірнеше туристің із-түзсіз жоғалғаны анықталды. Олардың арасында Аморгос аралында жоғалып кеткен 59 жастағы америкалық Альберт Калибет те бар.

Калибеттің бірнеше туысы мен досы Лос-Анджелес округінің отставкадағы полиция қызметкерін іздеу үшін Грекияға барды. 

Сикинос аралында жоғалған екі франциялық турист – 73 және 64 жастағы екі әйелді іздеу операциясы жалғасып жатыр. Оған көршілес Иос аралынан келген еріктілер, өрт сөндірушілер және полиция қызметкерлері жұмылдырылған. 

Соңғы жаңалықтар