Грекияда жаппай ереуілге байланысты ондаған әуе рейстері тоқтатылды

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Грекияда жаппай ереуілге байланысты ондаған әуе рейстері тоқтатылды, деп хабарлайды «РИА Новости» ақпараттық агенттігі.
None
None

Әуе диспетчерлерінің үш сағаттық ереуіліне байланысты осы уақытқа белгіленген барлық жолаушылар әуе рейстері тоқтатылды.

«Элефтериос Венизелос» Афины Халықаралық әуежайының хабарлауынша, осы уақытта елге келіп қонуы тиіс 23 рейс пен елден ұшуы керек 23 рейс тоқтатылды.

Ереуілге байланысты Грекияда су мен теміржол қатынасы да тоқтап тұр. Афиныда троллейбус, такси мен қалааралық электр пойыздары да жүрмейді. Бүкіл елде мемлекеттік мекемелер, мектептер мен университеттер, банктер мен бірқатар дүкендер де бұл күні жабық болады. Туристер ереуілге байланысты сүйікті мұражайлары мен сәулет ескерткіштерін көре алмайтын болды. Афины орталығында үкіметтің экономикалық саясатына жаппай қарсылық шаралары ұйымдастырылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар