04:55, 26 Сәуір 2014 | GMT +5
Грекияда жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Грекияда күші 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Афина геодинамикалық институтының мәліметтері бойынша, зілзала кіндігі Эгей теңізі аумағында, Китира аралынан 143 шақырым жерде 20 шақырымдық тереңдікте орналасқан.
Қирандылар мен зардап шеккендер туралы айтылмай отыр.
Грекия - Еуропа құрлығындағы сейсмикалық белсенділігі аса жоғары елдердің бірі. Содан да болар, мұнда тұрғызылатын ғимараттардың бәрі қуатты жер сілкінісіне шыдас берерліктей берік етіп тұрғызылады. Зілзала болған жағдайда ескі үйлер ғана зардап шегеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.