Грекиядағы аралды 15 млн еуроға сатпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекияда көлемі 5 гектар болатын арал саудаға қойылды. Оның ішіне төрт жатын бөлмесі бар үй, қызмет көрсетушілерге арналған үй, шарап бары, шіркеу, 17 ғасырдағы бақылау мұнарасы, 350 зәйтүн ағашы мен 2 құмды жағажай кіреді.
None
None

Сондай-ақ Троица аралында барбекюге арналған алаң, жағажайдағы үй мен үш шағын қайыққа арналған тұрақ та бар, деп жазды Euromag.

Троица аралы Эвия шығанағында, Халкида қаласының маңында орналасқан. Құны - 15 млн еуро.

Соңғы жаңалықтар