Грекиядағы оң өзгерістерге орай мұнайдың бағасы едәуір артты

Айталық, Нью-Йорктегі тауар биржасында WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы 27 қыркүйекте 4,21 долларға өсіп, баррелі 84,45 долларды құрады.
Лондонның электронды тауар биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 3,20 долларға артып, баррелі 107,14 долларға жетті.
Естеріңізге сала кетейік, 27 қыркүйекте Берлинде Германия канцлері А.Меркель мен грек үкіметінің басшысы Й.Папандреудің кездесуі болып өтті. Осы екіжақты саммитте А.Меркель Германия Грекияға кез келген қажетті көмек көрсететінін мәлімдеді.
Бұдан басқа, сейсенбі күні Грекия парламенті жылжымайтын мүлікке салық салуды енгізуге қатысты елдің салық заңнамасына түзетулерді мақұлдады. Ел өкіметі салықты енгізу арқылы жыл сайын бюджетті тұрақтандыру қазынасына 2 млрд. долларға жуық қаржы құйылады деп есептеп отыр.