Грекиядағы сайлау: Оппозициялық «Жаңа демократия» партиясы жеңіске жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Грекиядағы кезектен тыс парламенттік сайлауда оппозициялық «Жаңа демократия» партиясы басым дауысқа ие болды, деп хабарлайды ВВС.
Грекия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 90% бюллетень саналғаннан кейін «Жаңа демократия» 39,78% дауыс алған, ал биліктегі солшыл коалиция "Сириза" - 31,56%.
Айырмашылықтың аса көп болмағанына қарамастан «Жаңа демократия» басым дауысқа ие болады, өйткені парламентте жеңімпаз қосымша 50 орын алады.
Премьер-министр Алексис Ципрас «Жаңа демократия» лидері Кириакос Мицотакиске қоңырау шалып, оны «Сириза» партиясының атынан жеңісімен құттықтады. Ал дүйсенбіде оның билікті елдің жаңа көшбасшысына тапсыруы күтіліп отыр.