Грекиядағы сайлау:«Сириза» жеңіске жететін сыңайлы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мерзімінен бұрынғы парламент сайлауы өтіп жатқан Грекиядағы сайлау учаскелері жабылды, деп хабарлайды Би-би-си.
Алғашқы экзит-полл деректеріне қарағанда, қазіргі билік басындағы экс-премьер Алексис Ципрастың «Сириза» солшыл коалициясы дауыстық басым бөлігіне ие болуда (30-34%).
Сайлаудағы екінші орында алдын ала мәлімет бойынша, Вангелиса Меймаракистің «Жаңа демократия» оңшылорталық партиясы келеді (28,5-32,5%).
Бұдан бұрын жексенбіде Ципрас өзінің грек азаматтарының мандатына ие болатындығына сенімді екендігін айтқан болатын.