Грекиядан Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомбалар табылды

Грекиядан Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомбалар табылды
Фото: newsbomb.gr

АСТАНА. KAZINFORM – Афинада бұрынғы Эллиникон әуежайының аумағынан Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған 314 бомба табылды.

Newsbomb порталының хабарлауынша, бомбалар Понтия одағының бұрынғы нысандарының астында болған. Балабақшалар мен спорт нысандарының, соның ішінде олимпиадалық ғимараттардың астында да бомба жатқаны анықталған.

Эллинико-Аргируполи ауданының мэрі Яннис Константатос атап өткендей, бомбалар екі метр тереңдікте жатқан. Зәре ұшырғаны сол, бомба орналасқан аумақта адамдар жиі жүреді екен.

«Құдайға шүкір, жарылыс болған жоқ. Бомба «жайлаған» аумақта осы уақытқа дейін әуежай, ондаған муниципалды және азаматтық авиация басқармасы нысандарының алаңсыз жұмыс істеп келгені таңғаларлық», - деді ол.

Бомбалар құрылыс жұмыстары кезінде табылған. Бүгінде арнайы құрылғымен барлық бомбаның көзі жойылған.

Соңғы жаңалықтар
telegram