Грекияның экс-министрі зайыбымен бірге бас бостандығынан айырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Афины соты Грекияның экономика және қорғаныс министрі Иоаннис (Яннос ) Папантониу мен оның зайыбы Ставрулу Куракуды 1,3 млн. еуро кірісті жасырғаны үшін шартты түрде төрт жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Папантониуға 2009 жылғы декларацияда Швейцария банкіндегі есебіне аударылған соманы мәлімдемегені үшін айып тағылып отыр.
Үкімге сәйкес түрме мерзімінің әр күні 10 еуроға бағаланды. Шешім сотқа шағымданғанға дейін шартты болып табылады.
Бейсенбі күні 2008 жылғы салық декарациясына нақты мәлімет бермеген Папонтониудің екінші ісі қаралады.
65 жастағы Папантониу 1994 жылы ұлттық экономика министрі, 1996-2001 жылдары ұлттық экономика және қаржы министрі, 2001-2004 жылдары қорғаныс ведомствосының басшысы болған. Ол Грекияның Еуропалық валюта одағына кіруіне бастамашы болған.