Грекияның көлік министрі теміржол апатынан кейін отставкаға кететінін айтты

None
Фото: Zuma\TASS
АФИНА. ТАСС – ҚазАқпарат - Грекияның инфрақұрылым және көлік министрі Костас Караманлис Лариса қаласының маңындағы жолаушылар пойызының апатынан кейін отставкаға өтініш берді.

Апат салдарынан кемі 40 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

ERT1 грек телеарнасының хабарлауынша, Костас Караманлис отставкаға кететінін мәлімдей келе, өз әрекетін апаттан қайтыс болған жандардың рухына көрсетілген аздаған құрмет белгісі деп санайтынын айтты.

«Мен қайғылы оқиға орнынан жаңа ғана оралдым, өте ауыр. Бұл грек теміржолыныың ХХІ ғасыр талабына сәйкес келмейтігінің фактісі. 3,5 жыл ішінде біз жағдайды жақсартуға бар күшімізді салдық. Өкінішке қарай, мұндай апаттың алдын алу үшін жұмсалған күш жеткіліксіз болды. Бұл бәріміз үшін және мен үшін ауыр жағдай», - деді ол.

Министрдің мәлімдеуінше, ауыр қайғылы оқиғадан кейін, түк болмағандай одан әрі өмір сүру мүмкін емес.

«Менің саясатқа келгеніме көп уақыт болған жоқ. Бірақ ел азаматтарының саяси жүйеге сенімі демократияның қажетті элементі деп санаймын. Бұл саяси жауапкершілік деп аталады. Осы себепті мен инфрақұрылым және көлік министрі қызметінен кетемін. Мен мұны әділетсіз бақұл болған жандардың рухына құрмет көрсетудің минималды белгісі деп санаймын. Грек мемлекеті мен саяси жүйесінің шексіз қателіктері үшін жауапкершілікті мойныма алу менің міндетім. Қаза тапқандардың отбасы мен жақындарының қайғысына ортақпын», - дейді Костас Караманлис.

Бұған дейін Грекияда пойыздар соқтығысып, 32 адам мерт болғаны туралы хабарлаған едік.

Қазір оқиғаның жай-жапсары тергеліп жатыр.

«Бірнеше вагон рельстен шығып кетіп, төртеуі өртенген. «1 және 2-вагон жоқ. Пойыздар қатты соғылғандықтан олар жолдан ұшып кеткен», - деп хабарлады Фессалия провинциясының губернаторы Костас Агорастос ERT мемлекеттік телеарнасына.


Соңғы жаңалықтар