Грекияның метро қызметкерлері тағы да ереуілге шықпақ

АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - Грекияда тағы да демонстрациялар басталып жатыр. Бүгін ел астанасы Афина қаласында метро мен трамвай қатынасы тоқтап тұр. Кәсіподақтар 24 сағаттық ереуілге шықпақ. Олар үкіметтің метро қызметкерлерінің санын азайту жоспарына наразы. Жалпы, Грекияда үкіметтің қатаң үнемдеу шараларына қатысты наразылық акциялары жиі өтіп тұрады.

Грекияның метро қызметкерлері тағы да ереуілге шықпақ

Дегенмен, билік өкілдерінің мәлімдеуінше, Еуроодақ пен Халықаралық валюта қорынан несие алып, дефолттан құтылу үшін мұндай шаралар елге ауадай қажет. Айта кету керек, жексенбі күні Грекияда әуе диспетчерлері күндізгі сағат 2-ден 6-ға дейін жұмыстарын тоқтатады деп жоспарланып отыр.