Грекияның жаңа үкіметінің құрамы белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекияда жаңа министрлер кабинетінің құрамы жарияланды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Грекия вице-премьері болып Яннис Драгасакис тағайындалды. СІМ басшысы Никос Кодзиас болды, қаржы министрлігін Яннис Варуфакис, қорғаныс министрлігін Панос Камменос басқарады. Бұған дейін, жуырда Грекияда оппозициялық СИРИЗА партиясының төрағасы Алексис Ципрас елдің премьер-министрі ретінде ант қабылдаған еді.