Гренландия мұздықтарының жылдам еруі тоқтамаса, мұхиттағы су деңгейі 6,4 метрге көтерілмек
АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Ғарыш кеңістігін зерттеу және аэронавтика бойынша АҚШ ұлттық басқармасы жерсерігі арқылы түсірілген фотосуреттерді таратты.
Онда Гренландияда еріп жатқан мұздықтар алаңдарының күрт артқаны байқалады, тек 4 күннің ішінде ғана жоғары температураның салдарынан мұздың еруі 50 пайыздан 97 пайызға дейін көтерілген, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Мұздық қазіргі уақытта Гренландия аумағының 80-ге жуық пайызын жауып жатыр, ол әлемдік мұздықтардың 20 пайыз қорын қамтиды. Ғалымдардың пікірлерінше, егер барлық гренландиялық мұз еріп кетер болса, әлемдік мұхиттың су деңгейі 6,4 метрге көтеріледі.