Гренландияның сары аязында қатпайтын мәңгілік көл табылды
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Юта университетінің Ричард Форстер бастаған ғалымдар тобы еуропалық әріптестерімен бірге Гренландия аралындағы зерттеу жұмыстары барысында мұз астынан су айдынын анықтады.
Мұз астындағы құпия көлдің суы Гренландияның сары аязы кезінде де қатпайтын болып шықты. Көлдің көлемі 65 мың шаршы шақырымды қамтиды, ал тереңдігі 10-нан 50 метрге дейін барады, ол ауданы жағынан Африкадағы аса ірі су айдыны болып саналатын Виктория көлімен шамалас болып шықты. Мұз ішіндегі қатпайтын көл мұздықтардың еруі теңіз деңгейіне қалай ықпал ететінін анықтауға мүмкіндік бермек.
Ғалымдар еріген қар суы жиналған қуыс ғаламдық жылыну құбылысының бір жұмбағын ашып береді деп отыр, деп хабарлайды «РИА Новости».