Грециядағы орман өрті: Қазақстандық яхта жолаушыларына айып тағылды

Грекиядағы өрт
Фото: ekathimerini.com

АСТАНА. KAZINFORM — Грек прокуратурасы жеке яхта бортында болған сегіз қазақстандық жолаушыға Сароник аралындағы Гидрадағы өртке қатысы бар деген айып тағып отыр. Бұл туралы Грекияның жергілікті БАҚ-тары жазды. 

Кәмелетке толмаған екі жолаушыға айып тағылған жоқ. Грек билігі Қазақстаннан көмек сұрап отыр. Себебі яхтаны жалға алған туристер Грекиядан тергеуге алынбай тұрып, кетіп қалған. Айыптау қорытындысына өрт орнында прокурор тағайындаған сот-медициналық сараптамасы кезінде табылған жаңа дәлелдер себеп болып отыр. Өрт сөндірушілер жалын тұтанған бухтадан отшашу қалдықтарын тапқаны хабарланды.

Бұл ретте яхта капитаны мен бірінші көмекшісі қамауға алынды, ал қалған ұсталған экипаж мүшелері шектеулермен кепілге босатылған. Сонымен бірге, Пирей прокуратурасы Hydra өртіне қатысты іс бойынша өртті сөндіру және порт билігінің әрекеттеріне қатысты алдын ала тергеуді бастады. Яхтаны жалға алушылардың өртке қатысы бар деген күдікке қарамастан Грекиядан кетуіне мүмкіндік берген кез келген ақауларды тексеру басты назарға алынған. 

Бұған дейін OCCRP журналистер консорциумы реликті орманды қиратып, отшашулар атылған яхтада демалып жатқан жолаушылардың тізімін жариялады. Күдіктілер қатарында кәсіпкер Данияр Әбілғазин мен Халық банкінің басшысы Үміт Шаяхметованың есімдері бар.

Еске сала кетейік бұған дейін Грекияның Гидра аралындағы орман өртінен кейін 13 адам қамауға алынғаны туралы жазған едік.

Артынша ҚР СІМ «Ұсталғандардың арасында қазақстандықтар жоқ» деп ресми мәлімдеме жасаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар