20:43, 05 Қаңтар 2016 | GMT +5
Григорий Дрозд: «Головкин 2015 жылы көп шу шығарды»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Головкин 2015 жылы көп шу шығарды, дейді WBC нұсқасы бойынша бокстан ауыр салмақтағы әлем чемпионы, ресейлік Григорий Дрозд «Р-Спорт» тілшісі Василий кіші Коновпен өткен бейресми әңгімелесуде, деп жазады sports.kz.

- Әлемде және Ресейде жыл боксшысы деп кімді айтар едіңіз?
- Бірінші орынға Сергей Ковалев, сондай-ақ Геннадий Головкин шығып отыр. Олар көп шу шығарған. Флойд Мэйуэзер де мықты... Бұл жыл қорытындыларына қарамастан (күледі). Ал Ресейде жыл боксшысы деп Саша Поветкинді айтар едім. Ол басқа көңіл-күймен оралды, қазіргі кезде біз сапалы жұмысын бақылап жүрміз.
- 2016 жылы ең қатты күтіп отырған жекпе-жек?
- Поветкиннің Деонтей Уайлдермен, Головкиннің Сауль Альвареспен жекпе-жектері. Сондай-ақ мен Ковалевтің Адонис Стивенсонмен кездесуі өтуі мүмкін деп ойлаймын.