Григорий Ломакин Қытайдағы жарыстың жартылай финалында ойнайды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин жұптық сында Мааньшан (Қытай) ITF M15 турнирінің жартылай финалына шықты.

Григорий Ломакин пробился в финал теннисного турнира в Индии
Фото: ҰОК

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші аустралиялық Джошуа Чарльтонмен бірге екі кездесуін сәтті өткізді.

Қазақстандық-аустралиялық жұп ширек финалда таилықтар Танапет Чанта – Павит Сорнлаксуппен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда таилық дуэт басымдылық танытты – 7:5. Дегенмен бұдан кейін Ломакин – Чарльтон камбэк жасай білді – 6:3, 10:4.

Григорий Ломакин – Джошуа Чарльтон финалға шығу үшін қытайлықтар Женшонг Донг – Аарон Вангпен таласады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Болгариядағы жарыстың ширек финалына өткенін жазған едік.