Григорий Ломакин Шымкент ITF турнирінің чемпионы атанды

Григорий Ломакин Шымкент ITF  турнирінің чемпионы атанды
Фото: olympic.kz

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шымкент ITF  турнирінің чемпионы атанды.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші ресейлік Павел Вербинмен бірге төрт кездесуін сәтті өткізді.

Соның ішінде қазақстандық-ресейлік жұп финалда доданың 1-ракеткалары, үндістандықтар С.Д.Праджвал Дев - Сай Картик Реддимен бас жүлдені сарапқа салды.

Г.Ломакин - П.Вербин тартысты матчта 7:6 (11:9), 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Мадридте әлемнің 8-ракеткасын жеңіп, үшінші айналымға өткенін жазған болатынбыз.

Дмитрий Попко АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалында ойнайды.

Соңғы жаңалықтар