Гризманн мен Модрич жылдың үздік ойыншысы атағына үміткер болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция құрамасы мен «Атлетиконың» шабуылшысы Антуан Гризманн және Хорватия құрамасы мен «Реалдың» жартылай қорғаушысы Лука Модрич Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) тұжырымы бойынша жылдың үздік ойыншысы атағына үміткерлер тізіміне кірді, деп хабарлайды ТАСС ФИФА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, бұл тізімге португалдық шабуылшы Криштиану Роналду («Реал», Испания), бельгиялық жартылай қорғаушы Эден Азар («Челси», Англия), Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити», Англия), ағылшын шабуылшысы Гарри Кейн («Тоттенхэм», Англия), француз шабуылшысы Килиан Мбаппе (ПСЖ, Франция), аргентиналық шабуылшы Лионель Месси («Барселона», Испания), египеттік шабуылшы Мохаммед Салах («Ливерпуль», Англия), француз қорғаушысы Рафаэль Варан («Реал», Испания) кірген.
ФИФА марапатын тапсыру рәсімі 24 қыркүйекте Лондонда өтеді.
Фото: ru.fifa.com