Гроссмейстер Карпов БҰҰ қызметкерлерімен бір мезетте шахмат ойнайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 сәуір күні гроссмейстер Анатолий Карпов Біріккен ұлттар ұйымында сеанс пен шахмат ойынын өткізеді.
Шара Халықаралық спорт күні бүкіләлемдік ұйымның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өтеді. Тұрақты даму мақсаттары - 2030-ға қолдау білдіру үшін танымал кеңестік және ресейлік шахматшы БҰҰ қызметкерлерімен және халықаралық қауымдастық өкілдерімен бір мезетте 15 партия өткізеді.
2015 жылы әлемдік көшбасшылар қабылдаған Тұрақты даму мақсаттарының күн тәртібінде спорт рөлі тұрақты даму мен әлеуметтік ілгерілеудің маңызды факторларының бірі ретінде көрсетілген.