15:58, 10 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Грозныйда Ахмат Қадыровтың ескерткіші бөлшектелді
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Өткен түнде Грозныйда Шешенстан Республикасының тұңғыш президенті Ахмат-Қажы Қадыровтың ескерткіші бөлшектелді,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды РБК агенттігі.
Республика президенті Рамзан Қадыров пен Қадыровтар отбасы осындай шешім қабылдады. Бұл шараға Р.Қадыровтың өзі, республиканың дін және қоғам қайраткерлері болды, деп хабарлады Шешенстан президентінің баспасөз қызметінен. Р.Қадыров, бұл әбден ойланған және ақылға салынған шешім екенін атап көрсетті. Және бұл шешім, көзінің тірісінде өзіне ешқандай ескерткіш орнатпауды бірнеше рет атап көрсеткен марқұм Ахмат-Қажы Қадыровтың өсиетіне сәйкес қабылданып отыр.
Енді бұл ескерткіштің орнына президенттің қаза болған серіктеріне арналған мемориал орнатылмақ.