Грозныйдағы арнайы операция барысында 21 адам жарақаттанып, 4 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Шешенстан астанасы Грозныйда содырлардың көзін жою бойынша арнайы шарада барысында 21 адам жарақаттанып, төртеуі мерт болды.

Грозныйдағы арнайы операция барысында 21 адам жарақаттанып, 4 адам қаза тапты

Бұл туралы ТАСС агенттігіне медицина саласындағы дереккөз хабарлады.

"Барлығы 25 адам жапа шекті, төртеуі қаза тапты, 21 адам ауруханаға жеткізілді: үшеуі ауыр халде, ал 18-інің жағдайы орташа", - деді дереккөз.

Бейсенбі күні түнгі сағат бір шамасында үш автомобильге мінген белгісіз адамдар тобы Грозныйдағы жол патрульдік қызмет қосынына шабуыл жасады. Кейін олар республикалық газеттер, интернет-басылымдар және федералды БАҚ өкілдігі орналасқан Баспа үйіне кірді. Грозный орталығында контртеррорлық операция режімі енгізілді.

Ұлттық лаңкестік әрекетке қарсы комитет ақпаратынша, арнайы операция барысында жеті содыр өлтірілді. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров айтқандай, бұлар республикада ірі теракт жасауды жоспарлаған.

Сонымен қатар, күш құрылымдары Грозный орталығындағы мектептердің бірінде содырлардың тағы бір тобын қоршауға алды.