Грозныйлық «Кавказ» Марадонаның командасын ұтты
АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Грозныйда Марадона басқаратын әлем жұлдыздарының құрамасы мен «Кавказ» командасы арасында жолдастық кездесу өтті,
деп хабарлайды Би-Би-Си.
Ойын 5:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
Жұлдыздар командасында сондай-ақ Луиш Фигу, Франко Барези, Алессандро Костакурта, Иван Саморано, Фабьен Бартез, Жан-Пьер Папен ойнады.
Ойын Шешен Республикасының бұрынғы президентi Ахмад қажы Қадыровтың атындағы стадионның ашылуына ұласты.
Грозныйлық «Терек» аренасы 30 мың көрерменге лайықталған.