Грузиндер Сталиннің мұражайын оның құрбандарының мұражайына айналдырмақ

Бұл туралы республикалық мәдениет және ескерткіштерді қорғау министрлігі мәлім етті.
«Мәдениет министрлігінің, сталиндік қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының және Кеңестік әміршіл жүйені зерттеушілердің қолдауымен Сталин атындағы мұражай сталинизм мұражайына, сол кезеңнің ақтаңдақтары жайлы шынайы ақпарат беретін орынға айналады», - делінген мнистрліктің хабарламасында.
Сталин атындағы мемлекеттік мұражай 1937 жылы кеңестік көшбасшысының тірі кезінде сол кезде Грузин КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болған Лаврентий Берияның бастамасымен ашылған болатын. Бүгінде мұнда 47 мың жәдігерлік сақталған. Мұражай кешеніне Сталин дүниеге келген мемориалдық үй, экспозицияларға арналған ғимарат, Тегранда, Ялтада және Потсдамда болған одақтастармен кездесуге барған Сталиннің жеке вагоны кіреді. Мұражайда диктатордың жеке заттары да сақталған.
Бұдан бұрын 2010 жылдың өзінде Грузияда Сталиннің көптеген ескерткіштері бұзылып алынғаны хабарланған болатын. Солармен бірге Горидағы мүсіні де қаланың орталық алаңынан мұражай аумағына көшірілді. Сонымен қатар Тбилисиде республиканың КСРО құрамында болуына, Грузияда болған қуғын-сүргін құрбандары мен кеңестік үкіметке қарсы қозғалыстарға арналған Кеңестік жаулау мұражайы ашылды.