Грузия Арменияға газ жеткізуді тоқтатты

МӘСКЕУ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат – Грузия магистралды газ құбырының апаты салдарынан Арменияға ресей газын жеткізуді тоқтатты. Бұл туралы Грузияның мұнай газ корпорациясы мәлімдеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. «Газ беру қаңтардың 9-ында тоқтатылды, жөндеу жұмыстары шамамен қаңтардың 13-іне қарай аяқталады, - деді журналистерге Грузия энергетика министрі Александр Хетагури. Оның айтуынша, магистралды газ құбыры істен шыққанмен Грузия газсыз қалмайды, өйткені газ елге Әзірбайжаннан балама газ құбыры арқылы жеткізіледі. Ресей газының транзиті үшін Грузияға жеткізілетін газдың 10 пайызы қалады.
Соңғы жаңалықтар