12:43, 27 Қаңтар 2009 | GMT +5
Грузия Елшісі Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне үлкен мән беретінін жеткізді
АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - «Мен Қазақстан елі мен халқының үлкен жетістіктерге жете беруін тілеймін». Бұл жүрекжарды сөзді Грузия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Зураб Шургаия айтты.

Грузия Елшісі бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл кездесу елшінің дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты өтті. Мәжіліс төрағасы елшінің төрт жыл ішінде қос мемлекет арасында ынтымақтастық байланыстың дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді. Соңғы жылдары сауда-экономикалық байланыспен бірге парламентаралық қарым-қатынас, тәжірибе алмасу барысы да жан-жақты дамып келеді. Мейман өз кезегінде ТМД елдері арасында бірінші болып, Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне үлкен мән беретінін және көптеген мәселелердің шешілуіне қазақ елінің атсалысатынына да сенімді екенін жеткізді.