09:45, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Грузия оппозициясы М. Саакашвилиден сәуірдің 9-ына дейін отставкаға кетуді талап етуде
ТБИЛИСИ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат -Грузияның жетекші оппозициялық партиялары ел президенті Михаил Саакашвилиге ультиматум қойып отыр - ол сәуірдің 9-ына дейін отставкаға кетуі керек.
Олай болмаған жағдайда оппозиция жаппай наразылық акцияларын өткіземіз деп қоқан-лоққы жасауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Парламенттің бұрынғы төрайымы және «Демократиялық қозғалыс- Біртұтас Грузия» партиясының жетекшісі Нино Бурджанадзе партияаралық консультация барысында мәлім еткендей, «М.Саакашвили сәуірдің 9-ына дейін отствкаға кетуі қажет, содан кейін кезектен тыс президенттік сайлау тағайындалуы керек». «Олай болмаған жағдайда біз, барлық ресурстар түгесілді, елді құтқарудың бір ғана жолы - наразылық акцияларын бастау ғана қалды деген қорытындыға келеміз», - деді Н.Бурджанадзе ханым. Консервативтік партия жетекшілері де халықты оппозицияның наразылық шараларына қатысуға үндеп отыр. «М.Саакашвилидің отставкасын талап ету туралы наразылық шарасы Руставели даңғылында өтеді», - дейді партия жетекшісі Звиад Дзидзигури.
Оппозицияның талаптарына Халық партиясы мен "Картули даси" партиясы да қосылып отыр.