Грузия оппозициясы Тбилисидегі барлық жолдарды 1 сағатқа жауып тастамақ

ТБИЛИСИ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат – Грузия оппозициясы Тбилисидегі барлық жолдарды 1 сағатқа жауып тастамақ.

Грузия оппозициясы    Тбилисидегі  барлық  жолдарды   1 сағатқа жауып тастамақ
Грузин оппозициясының жетекшілері мамырдың 3-інде жасаған мәлімдемелерінде, Тбилисиде жалғасып жатқан наразылық шаралары аясында билікке қысымды одан бетер күшейту ниетін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Елдің бұрынғы Сыртқы істер министрі Саломе Зурабишвили ханымның айтуынша, оппозиция өкілдері мамырдың 5-інде сағат 16.00 мен 17.00-дің арасында Тбилисидің барлық жолдарын жауып тастамақ. «Бұл ескерту шарасы болады», деп мәлім етті «Грузия жолы» партиясының жетекшісі. Зурабишили ханым барша жұртшылықты, әсіресе жастарды наразылық шараларына белсенді атсалысуға шақырды.