Грузия парламенті бір айға жұмысын тоқтатты

БАКУ-ТБИЛИСИ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Грузия парламенті соңғы отырысын өткізіп, бір айға жұмысын тоқтатты.
None
None

Бұл туралы шешім елдің жоғары заң шығару органының төрағасы Давид Усупашвили пен парламент мүшелерінің кеңесінен кейін қабылданды.

Парламент төрағасының мәлімдеуінше, парламенттің президент сайлауы кезінде жұмысын тоқтата тұруға құқығы бар, алайда үзіліс бір айдан аспауы керек.

Парламент жұмысын тоқтата тұру жарияланғаннан кейін, депутаттар алда тұрған Грузия президентін сайлауда өз үміткерлерін анықтауға бел шеше кірісетін болады.

Еске салар болсақ, Грузияда Президент сайлауы 27 қазан күні өтеді.

Соңғы жаңалықтар