Грузия Парламентінің төрағасы Қазақстанға келеді

Шалва Папуашвили
Фото: interpressnews

АСТАНА. KAZINFORM – Грузия Парламентінің төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«2024 жылғы 11-13 сәуір аралығында Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилидің Астанаға ресми сапары жоспарланған. Алдағы сапар барысында ел басшылығымен, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевпен және Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановпен екіжақты келіссөздер жоспарланған», - деді А. Смадияров ведомстводағы апталық баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, келіссөз барысында екі елдің парламентаралық өзара іс-қимылы, сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Еуропа одағының виза беру процесі неге қиындағанын түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар