Грузия Президенті Қазақстандағы авиаапатқа байланысты көңіл айтты

БАКУ-ТБИЛИСИ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Грузия Президенті Михаил Саакашвили 27 адамның өмірін қиып кеткен Қазақстандағы авиаапатқа байланысты көңіл айтты.

Грузия Президенті Қазақстандағы авиаапатқа байланысты көңіл айтты

«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Олардың әрқайсысына бүкіл жан-жүрегіммен қайғыларын бөлісетінімді айтқым келеді», - делінген Грузия Президентінің жолдауында.