Грузия президенті Үкімет басшысы лауазымына 31 жастағы И. Гарибашвилиді тағайындады

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Грузия президенті Георгий Маргвелашвили премьер-министр қызметіне Ираклий Гарибашвилиді тағайындады.

Грузия президенті Үкімет басшысы лауазымына 31 жастағы И. Гарибашвилиді тағайындады

Үкімет басшысы лауазымында Гарибашвили «Грузиялық арман» көшбасшысы миллиардер Бидзина Иванишвилиді алмастырды. Ол өзі отставкаға кететінін алдын-ала мәлімдеген. Гарибашвили парламентке жаңа министрлер кабинетін бекітуге ұсынды», - деп хабарлайды БАҚ.

«Айқын» газетінің жазуынша, 31 жастағы И. Гарибашвили 2004-2012 жылдар аралығында Иванишвилиге тиесілі CartuGroup компаниясының әр түрлі мекемелерінде басшылық қызметте болған. 2012 жылдың қазан айынан И. Гарибашвили ІІМ басшысы қызметін атқарды.

Б.Иванишвили өзінің ізбасарын: «Ол өте бейімді адам, күнделікті жұмысының арқасында ол бір жылдың ішінде елде еуропалық сипаттағы полиция қызметін жөнге келтірді», - деп таныстырды.