Грузия президентін Молдованың президенті болуға шақырды

Астана. 21 маусым. ҚазАқпарат - Кишинев қаласының мэрі, Молдованың Либералдар партиясының жетекшісі Дорин Киртоакэ Грузия Президенті Михаил Саакашвилиді президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін Молдованың президенті болуға шақырды.

Грузия президентін Молдованың президенті болуға шақырды

Мұндай мәлімдемені қала басшысы Кишиневтің әкімшілік отырысында жасады.

Жиын барысында елдегі жемқорлық мәселесі талқылануы керек болатын. Қала басшысы тақырыпқа орай өз ұсынысын былай деп жеткізді: «Маған бір ой келді. Жуырда Саакашвилидің Грузиядағы екінші кезеңдегі президенттік мерзімі аяқталады. Үшінші мерзімге сайлана алмайды. Енде­ше, Молдоваға келіп, біздің елімізде екі мерзім президенттік қызметті атқарсын. Еліміздегі жемқорлық мәселесі жойылып кететініне сенімдімін».

Дегенмен Молдова конституциясы бо­йынша аталған елдің президенті болуға үміткер Молдовада кем дегенде он жыл өмір сүруі керек және мемлекеттік тілді білуі керек.

Алаш айнасы