Грузия Ресейдің ДСҰ-ға кіруіне алтыншы рет келісім бермеді

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Грузия мен Ресейдің кезекті келіссөздерінің алтыншы раунды сәтсіз аяқталды. Бұл туралы 8 қазанда Швейцарияға грузия келіссөзі делегациясын басқарып барған Грузия сыртқы істер министрінің орынбасары Серги Капанадзе мәлім етті.

Грузия Ресейдің ДСҰ-ға кіруіне алтыншы рет келісім бермеді

«Келіссөздер аяқталды, бірақ біз оның сәтсіз болғанын айта аламыз, ол орта жолда үзілді», деген Капанадзенің сөзін «Голос Америки» радиостансасы жеткізді.

Грузия СІМ басшысының орынбасары: «егер Мәскеу Тбилисидің Псоу өзенінде (грузин-ресей шекарасындағы Абхаз учаскесі) халықаралық бақылау орналастыру жөніндегі және Рокск тоннеліндегі (грузин-ресей шекарасындағы оңтүстік Осетин учаскесі) талаптарына құлақ аспауды жалғастыратын болса, Грузия Ресейдің ДСҰ-ға кіруіне келісім беруі мүмкін емес», - деп түсіндіреді.

Өз кезегінде Ресей делегациясының басшысы Максим Медведков: «Грузия талаптары ДСҰ нормаларымен ешқандай сәйкес келмейді», - деп тұжырымдады.