Грузия тарихында билік алғаш рет демократиялық жолмен берілетін болады - Еуропарламент төрағасы

БРЮССЕЛЬ. 3 қазан. ҚазАқпарат - Еуропарламент төрағасы Мартин Шульц Грузияда өткен парламенттік сайлауды артып келе жатқан саяси кемелденудің белгісі деп атады, деп хабарланды еуропалық шенеуніктің баспасөз қызметінен.
None
None

 «Мен Грузияны шиеленіскен сайлау кампаниясына қарамастан сайлауды ашық, бәсекелесті әрі бейбіт өткізгенімен құттықтаймын. Белгілі бір процедуралық кемшіліктерге қарамастан бұл сайлаур Грузияның артып келе жатқан саяси және демократиялық кемелденуінің белгісі болып табылады», - деді М.Шульц.

Оған қоса Еуропарламент басшысы атап өткендей, егерде дауыс берудің бір бөлігінің нәтижелері расталатын болса, «Грузия тарихында алғаш рет мемлекеттік билік демократиялық жолмен берілетін болады».

Грузия Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, 47,9 пайыз сайлау учаскелерінен алынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде Бидзин Иванишвилидің «Грузиндік арман» блогы парламенттік сайлауда 54,1 пайыз дауыс жинады, ал «Біртұтас ұлттық қозғалыс» - 41,03 пайызбен келеді.

Соңғы жаңалықтар