Грузия жүргізушілеріне көлікті құжатсыз айдауға рұқсат етілді

АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Грузияның Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігі мен автокөліктің техникалық паспортын бірге алып жүру міндетін алып тастады. Бұл жөнінде бүгін Тбилисиде брифинг барысында Грузия ІІМ басшысы Вано Мерабишвили мәлімдеді.

Грузия жүргізушілеріне көлікті құжатсыз айдауға рұқсат етілді

«Бұл - біздің азаматтарымыздың өмірі мен олардың Грузия аумағы бойынша еркін жүріп-тұруын жеңілдетуге бағытталған жаңалығымыз», - деген ІІМ басшысының сөзін мысалға келтірді AutoNews.

Жүргізушінің куәлігі мен техпаспорты жайлы мәліметтерді жол полициясы ІІМ бірыңғай компьютерлік желісі арқылы тексеретін болады.

Порталдың ескеріп өткеніндей, бүгінге дейін Грузия полициясы куәлігін көрсетпеген жүргізушілерге 15 лари (шамамен 10 доллар) көлемінде айыппұл салып келген. Сондай-ақ ұмытшақ жүргізушілердің автокөлігі міндетті түрде айып алаңына тұрғызылатын.