Грузияда 49 жастағы ер адам үйінің балконынан автоматтан оқ жаудырып, 5 адамды өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Грузияның Ішкі істер министрлігі өткен түні Сагареджо қаласында болған атыс салдарынан Кахетия полиция бөлімінің аудандық бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты, 38 жастағы Отар Гвинашвилидің қаза тапқанын растады.

Грузияда 49 жастағы ер адам үйінің балконынан автоматтан оқ жаудырып, 5 адамды өлтірді

Бұл туралы ҚазАқпарат Новости-Грузия сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жеткен ол өз пәтерінің балконынан көшедегі адамдарға оқ атқан бұрынғы әскери қызметкердің қолынан қаза тапты.

Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтады.

Қылмыстың себептері әзірге белгісіз. 49 жастағы Нодар Атуашвили түнгі сағат бір шамасында аулада тұрған көршілеріне автоматтан оқ жаудырған. Оқиға орнында бес адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқ атқан адам оқиға орнына арнайы жасақ жеткенде өз-өзіне қол салды.


Фото: newsgeorgia.ge