Грузияда 5,7 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жексенбі күні күндіз Грузияда 5,7 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы елдің сейсмологиялық мониторингі орталығынан хабарлады.

Грузияда 5,7 балдық жер сілкінісі болды

«Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 13:31-де тіркелді, жерасты дүмпулердің ошағы Қара теңізден 46 шақырым жерде орналасты», - делінген сейсмологтардың хабарламасында.

  Жерасты дүмпулерін Тбилисидің тұрғындары да сезінді. Қаза тапқандар мен қиратулар туралы ақпарат түскен жоқ.