Грузияда 70-тен астам адам «доңыз тұмауына» шалдықты

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - "26 қаңтардағы жағдай бойынша, Грузияда зертханалық жолмен расталған «доңыз тұмауын» жұқтырудың 70 шақты оқиғасы тіркеліп отыр", -

Грузияда 70-тен  астам адам  «доңыз тұмауына»  шалдықты

деп хабарлады Грузияның Еңбек, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі министрі Андрей Урушазде Үкімет мәжілісінде. Бұл туралы РБК агенттігі хабарлады.

«Зертханалық жолмен әзірге расталмаған оқиғалардың саны одан әлдеқайда көп, бірақ бұл байбалам салуға негіз жоқ», - дейді министр.

А.Урушадзенің айтуынша, елдің барлық ауруханалары «тұмауды» емдеуге қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген, амбулаториялық қызметтің қолжетімділігі де артып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Грузияда жылдың басынан бері төрт адам «доңыз тұмауынан» көз жұмды, оның үшеуі - жүкті әйелдер. Кутаиси дәрігерлері, науқастардың дәрігерлердың алдына тым кеш келгендерін, сондықтан да жасалған ем-домдардың оң нәтиже бермегенін айтып отыр. Осыған орай Грузияның денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға тұмаудың алғашқы белгілері байқалға сәтте дереу дәрігердің алдына баруға кеңес беріп отыр.