Грузияда автобус жардан құлап, кемінде 17 адам мерт болды

НҰР-СҰЛТАН. ТАСС-ҚазАқпарат – Грузияның солтүстік-шығысындағы Душет муниципалитеті ауданындағы таулы аймақтағы жолда автобус жардан құлап кеткен. Оқиғаның салдарынан кемінде 17 адам мерт болды.
None
None

Бұл туралы Грузияның Ішкі істер министрлігінен хабарланды, деп жазады ҚазАқпарат ресейлікТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Осы уақыттағы мәліметтерге сәйкес, оқиғаның салдарынан кемінде 17 адам мерт болып, 3 адам зардап шеккен»,-делінген хабарламада.

Құтқарушылар зардап шеккендерді қауіпсіз жерге жеткізіп, артынан жедел жәрдем қызметі оларды ауруханаға алып кеткен. Осыған дейін Грузияның Ішкі істер министрлігі 12 адамның қайтыс болғанын хабарлаған.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты Бисо ауылының маңында болған. Микроавтобус 80 м биіктіктен тасқа құлаған.

Әзірге апаттың себеп-салдары туралы ешқандай ақпарат жоқ. Грузияның Ішкі істер министрлігі жол апатына қатысты тергеуді бастады.


Соңғы жаңалықтар