Грузияда бір тәулікте 1164 адам коронавирус жұқтырған

ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат – Грузияда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1164 жаңа жағдайы анықталған. Бұл туралы Ауруды бақылау жөніндегі ұлттық орталық мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Новости-Грузия» ақпарат порталына сілтеме жасап.

Грузияда бір тәулікте 1164 адам коронавирус жұқтырған

Соңғы 24 сағатта коронавирустан 2292 адам сауығып шықса, инфекция салдарынан 33 пациент көз жұмған.

Пандемия басталғалы Грузияда коронавирус жұқтырудың 617 753 жағдайы анықталған, олардың 589 791 адамы сауығып шықса, 9038 пациент көз жұмған.

2 қазанда Грузияда 1826 адам коронавирусқа шалдыққан, 795 адам емделіп шыққан, 29 науқас қайтыс болған.

Қазіргі кезеңде Грузияда инфекция жұқтырудың 18 898 белсенді жағдайы тіркелген, оның ішінде 4 102 адам ауруханаларда емделуде, оның ішінде 1 452-сі — Тбилиси, 354-і — Аджария, 888-і — Имерети ауруханаларында.

Қазір 983 адам қатты ауырып жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратында 248 адам бар.

675 адам Тбилиси мен Аджариядағы клиникалық қонақ үйлерге жатқызылған.

Үйде вирустан 14 121 адам емделіп жатыр.

31 адам карантиндік аймақтарға орналастырылды. Олардың барлығы – Тбилисиде.

2020 жылдың 6 қазанынан 2021 жылдың 2 қазанына дейін мемлекеттік шекарадан карантиндік аймақтарға барлығы 25 197 адам көшірілген.