Грузияда қаза болған 4 туристің арасында жоғалып кеткен қазақстандық жоқ - ҚР СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузияда жоғалып кеткен қазақстандық турист Сергей Трофимовты іздеу жалғастырылуда. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ға ҚР сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлады.

Грузияда қаза болған 4 туристің арасында жоғалып кеткен қазақстандық жоқ - ҚР СІМ

Атап өтейік, бүгін ресейлік БАҚ-та Грузиядағы Ушба тауына шығу кезінде РФ азаматы, сондай-ақ Эстонияның және екі Израиль азаматтары қаза болғанын хабарлады. Онда ресейліктің аты-жөні көрсетілмеген.

«Бұл біздің азаматымыз емес. Біздің жігіт әлі табылған жоқ», - деді Ә.Жайнақов.

Еске сала кетейік, оны іздеп әлеуметтік желілерде дабыл қаққан жоғалып кеткен жігіттің досы Әнуар Дүйсенбинов  болатын. Оның айтуынша, Қазақстан және Ресей арқылы автогкөлікпен сапар шеккен Сергей 6 шілдеде Грузияға соққан, ол Владикавказ жағынан шекараны кесіп өткен. Тбилисиде шамамен 13 шілдеге дейін болған. Онымен байланыс үзілгенше, Сергей Боржомиде, Кутаисиде, Сванетияда, Местияда және Ушгулиде болды.

«22 немесе 23 шілде күні Сергейді Ушгулиден көрген. Ол сонда түнеп қалған болуы мүмкін. Тауға шығып келемін деп, жергілікті адамдарға асынатын сөмкесін қалдырып кеткен. Олар ерлі-зайыпты израильдықтар болса керек. Сағат 07:00-де Сергей зайыбымен соңғы рет хабарласқан. Сол күні Геленджиктегі досы Сергей сағат 12-лер шамасында WhatsApp,-қа қос көк белгі салған, бұл Сергеге бұл хабарламалар жеткенін және оны оқығанын білдіреді», - деп хабарлады Әнуар Дүйсенбинов.