Грузияда немерелері 78 жастағы әжелерін атқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқиға Грузияның Кумистави ауылында болған. Алғашында бойкүйез немерелер зейнеткердің құлағын шыбықпен түрткілейді, кейінірек пневматикалық қарумен атады.
Бұл туралы жергілікті БАҚ 4 қараша күні жазды, деп хабарлады nation-news.ru.
Видеода бұзақылардың қартты мазақтай күлгені мен кемпірдің не болғанын түсінбеген күңкілі анық естіледі.
Безбүйрек жасөспірімдерге қатысты құқық қорғау органдарының шара қолдану-қолданбауы әзірге белгісіз. Десе де, сайттағы бейнежазбаның қаралымы жүз мыңнан асқан және пікір білдірушілер қаныпезерлерді жазалауды талап етуде.